Әскерге шақырту басталды

Қостанай облысында күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы «Белгіленген мерзімді әскери қызмет мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа ауыстыру және азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР 2021 жылдың наурыз – шілде және қыркүйек – желтоқсан айларында жедел әскери қызметке алу ережесі бойынша, 1 қыркүйекте жергілікті әскери басқармада азаматтарды 18-27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке күзгі шақыруға арналған іс-шара өтуде.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру карантиндік шаралардың сақталуын ескере отырып жүргізіледі. Қабылдау және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және ескерту мақсатында практикалық тәжірибе өткізілді. Бұрынғы науқандардағыдай, шақырылғандарға ПТР скрининг екі рет жүргізіледі: әскерге шақыру кезінде жиналу пункттерінде және жас сарбаздар келгенде әскери бөлімдерде.
Барлық қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады: Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 107, тел.: 26-20-28
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓