Ата Заң күні қарсаңында…
Конституция күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңнамаға сәйкес 30 тамыз Конституция күні демалыс күні саналады. Биыл мереке бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет қаулысымен 25 тамыздағы демалыс күні 31 тамызға ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 30 тамыздан 2 қыркүйекке дейін 4 күн демалады. Еске сала кетейік, Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 85-бабының 3-пунктінде көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.