12 жоба жүзеге асады
Қостанайдың индустриялық аймағы жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асатын 12 жобаны орналастыруды жоспарлап отыр. Мұндай деректі Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы келтіреді.
Ведомство мәліметінше, бүгінде индустриялық аймақ аумағына инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
«Қазіргі уақытта әкімдік «Тобыл» ӘКК» АҚ-пен бірлесіп, 1 трлн теңгеден астам сомаға 12 жобаны орналастыру мәселесін қарастырып жатыр. Жоспарланған жобалар машина жасау, ауыл шаруашылығы, газ өнеркәсібі салаларына қатысты», – деп атап өтеді басқармадан.
Атап айтқанда, аталған аймақта ресейлік «Композит Групп» холдингінің жобасы МТЗ тракторларының өндірісі орналастырылады. Қазіргі уақытта құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы индустриялық аймақта астық және майлы дақылдарды терең өңдеу ауыл шаруашылығы хабын салу жұмыстарына кіріс жоспарланған.
Жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы хабы қазақстандық «BioGrain» кәсіпорны мен қытайлық China Marine Bunker компаниясының бірлескен жобасы саналады. Жобаның жалпы құны 300 млн АҚШ долларын құрайды. Қазірдің өзінде «BioGrain» компаниясы қытайлық Шаньси компаниясымен өндірілген барлық өнімді ҚХР-ға экспорттау туралы (off-take келісімшарты) меморандумға қол қойған.