Бес баласынан айырылды
Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ж.Метаевтың төрағалық етуімен ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.
Қостанай қаласының прокуроры азаматша С-ны кәмелеттік жасқа толмаған екі баласына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы шағымымен сотқа жүгінген. Істі қаралу нәтижесі бойынша, прокурор шағымы қанағаттандырылып, жауапкер С. балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айырылып, балаларына алимент төлеуге міндеттелді.
2014 жылы жауапкер С. кәмелеттік жасқа толмаған үш бірдей баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылған. Жалпы азаматшаның 5 баласы бар.
Қостанай облысының ювенальдық соты