7-20-25: 22 займ берілді
Ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы басталғалы бір айдан асты. Оны Қостанай облысы бірінші болып жүзеге асырды. Бұл бағдарлама меншігінде тұрғын үйі жоқ және тұрғын үйге мұқтаж, өтеу мүмкіндігі бар азаматтардың барлығына мүкіндік береді.
Бағдарлама басталғалы бері облыста серіктес бактерден 200 млн теңге сомасында 27 өтініш келіп түскен. Ағымдағы мерзімге 161 млн теңге сомасында 22 займ беріліп отыр.
Бұл қарыз алушылар – 22-45 жас аралығындағы облыс тұрғындары. Орташа айлық табыстары – 196 мың теңге. Олардың көбі бір бөлмелі пәтерлерге тапсырыс берген, яғни 13 займ. Екі бөлмеліге – 8 займ және үш бөлмелі пәтерге бір займ берілді. Пәтерлердің орташа аумағы – 52 шаршы метр. Тұрғын үйдің орташа құны – 9,2 млн теңге, яғни займ сомасы – 7,4 млн теңге.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптарға сәйкес келуі қажет:
– бастапқы жарна сомасының болуы,
-өтеу мүмкіндігін растау,
-меншігінде тұрғын үйдің болмауы қажет.
Бағдарлама жаңа салынған тұрғын үй нарығын қамтиды. Сондай-ақ, пәтер құны 15 миллион теңгеден аспауы қажет.
Ұлттық Банктің Қостанай филиалы