Мал азығының мол қоры жиналады
Биыл облыста тәуір деген телімдерді таңдап алудың және жем-шөптікке қалдырудың тамаша мүмкіндіктері пайда болды. Осыған байланысты өңірде басыбайлы малазық қорын құру туралы ұсыныстар түсіп отыр.
Жауын-шашынның бір пайдасы – шөптің қау болып бітуіне әсер тигізетіндігінде. Бұл, тиісінше, қысқы мал азығынның мол қорын жиып алуға үлкен себесін. Ылғалдың берекелілігі өнімсіздеу көпжылдық шөптесіндердің де тамырына талшық беретінін айтады мамандар. Белгілі болып отырғандай, бүгіндері жалпы аумағы 4,2 млн га жайылымдық алқапта пішен бітік өсіп келеді. Осыған орай, аудандар мен қалаларға 1,5 жылдық малазық қорын жинауға қамдану туралы тапсырма беріліп отыр. Яғни 1 млн.500 мың тонна түлік жем-шөбі жиып алынуы тиіс.
Бұл межені орындау үшін 1600 тіркемелі және өздігімен жүретін орақ техникасы, 800 дестелегіш, 400 ысыра жиғыш машина, 2500 трактор тіркемесі, шөмелелеуші және өзге де шөп жинау техникалары жұмылдырылады.

Жандос Жүсіпбек