Қызды қаққан күдікті қолға түсті

Рудныйда 9 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс". қызҚостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудныйдың ІІБ қызметкерлері жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Рудныйда жүргізушінің оқушы қызды қағып өлтіріп, жол апаты болған жерден жасырынғаны хабарланған болатын. Kia Rio маркалы ақ түсті автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі 9 жастағы оқушыны көлікпен қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен қыз жедел жәрдем келмей тұрып қаза тапты. 
 
Сурет "Тенгри ньюс" сайтынан алынды
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓