Оқулықты планшет алмастыра ма?

"Оқулықтың дұрыс жеткізілмеуі әуелден бар мәселе. Мамандар осы түйткілді шешу мақсатында интерактивті карталарды енгізуді ұсынып отыр. Аталған карталар арқылы кітап жеткізуші компаниялардың жұмысын онлайн режимде бақылауға болады", – деп жазады ҚазАқпарат тілшісі өзінің сараптамалық мақаласында. планшетОл қолданысқа енуі мүмкін осы және өзге де жаңашылдықтар туралы мамандар пікірін жиған. Жазуынша, интерактивті карталарды енгізу бастамасын жергілікті атқарушы органдар іске асыруы тиіс. "Сосын ол картаның нақты алгоритмі де, жұмыс тәртібі де әзірше белгісіз, дегенмен онысыз оқулықтарды уақытында жеткізу мәселесін шешу мүмкін емес. Осы салада нақты шаралар қолға алынбаса, аталған проблема жыл сайын қайталана беретін тәрізді", – делінеді мақалада.
Мақала авторы: "Мектеп оқулықтары уақытында жеткізілмесе, жаңа оқулықтарды QR-код арқылы жүктеп алуға мүмкіндік бар. Ол кітаптардың электронды нұсқасын қазан айында ғаламторға жүктеу жоспарланған. Міне, сол кезде оқулықты алмай-ақ, мектепке планшетті ұстап келуге болады. Дегенмен, мектеп оқушыларының барлығы бірдей планшет ұстай алмайтыны белгілі", – дей келе, «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімованың: 
"Бүгінде мектепке планшетпен келуге тыйым салынбаған. Дегенмен, оның бәрі мектептің ішкі ережесімен реттеледі. Барлығын мектеп әкімшілігі шешеді. Біз планшетті ұстасын, я ұстамасын деп, ешкімді міндеттей не шектей алмаймыз. Сосын, оқулықтың электронды нұсқасы баланың денсаулығына да кері әсерін тигізуі мүмкін екенін есте ұстаған абзал. Сондықтан ата-аналардың бәрі бірдей планшетпен жұмыс істеуге келіседі деп айта алмаймын. Бұдан бөлек, әрбір отбасының планшет алуға мүмкіндігі де бола бермейді. Қалада, ауылда шағын мектептер бар ғой. Сол себепті планшетті ұстау, я ұстамау – әрбір баланың өз еркі», – деген пікірін келтіреді.
Автор мән қойған тағы бір мәселе – жұмыс дәптерін ұстау я ұстамау. Ол бұл жерде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтің: "Жұмыс дәптерін пайдалану міндетті шара емес. Сондықтан ата-аналарды оны сатып алуға міндеттеуге болмайды. Бұл – қосымша материал. Сондықтан оны сатып алу, сатып алмау – әрбір адамның өз еркі. Сатып аламын десе, қолдануға болады. Жұмыс дәптері міндетті материал емес. Қайсыбір мектепте мұғалімдер ол дәптерді сатып алуға міндеттесе, біз тиісті шараларды қолданамыз. Себебі жұмыс дәптерін талап ету заңсыз», – деген пікірін келтірген.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓