Жас теннисшілер арасында

Қостанайда екі күндік жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. IMG_7297Елбасы халық арасында үлкен теннисті танымал етуге бағытталған спорт кешенінің қызметімен танысты. Спорттық нысан 2015 жылы салынған, 788 миллион теңге жұмсалып, құрылыс жұмыстары 4 жыл жүрді. Ғимарат ішінде 3 корт, сыртта тағы сондай 3 теннис алаңы бар. Орталық 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жас теннисшілер Президент алдында жетістіктерін жарыса жеткізді. Елбасы да балаларға үлкен тенниспен айналысқанын айтты. IMG_7188«Теннис – менің сүйікті спортым. Кезінде мен де ойнағанмын. Тек білімі мен денсаулығы бар адам ғана жеңіске жетеді деп үнемі айтып жүремін. Жастар спортпен белсене айналысуы керек. Сендер де достарыңды спортпен шұғылдануға шақырыңдар!», – деді Елбасы.
 
 
IMG_7193Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде халықаралық дәрежеде ойнап жүрген қазақстандықтар туралы айтты. Сондай-ақ, үлкен теннистен Қостанай құрамасының бапкеріне тапсырмалар жүктеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓