Экспорт неге әлсіреді?

 Кейінгі жылдары отандық ұн тарту саласы күрделі кезеңге тап болды. Астық тасымалдаушылардың тапшылығы, қосымша құн салығын қайтару мәселелері, өткізу нарығынан қағылу, көрші мемлекеттердің демпингі тауар өндірушілердің жағдайын біршама әлсіретті. Қазақстан астық өңдеушілер одағының төрағасы Евгений Ганның айтуынша, бұл түйіткілдердің бір ғана себебі бар – ауыл шаруашылығының өңделген өнімі саласында нақты эскпорт стратегиясы жоқ. Бұл туралы ол облыстық кәсіпкерлер палатасында ұн өндірушілермен өткен кездесуде мәлімдеді.IMG_0336
          Жиынға қатысушылар бірінші жартыжылдық қорытындысын талқылады. Сосын алдағы астық өнімдеріне болжам жасап, астық пен жаңа өндірілген ұн нарығының мүмкіндігін сөз етті.
      -Биыл 10,5 млн тонна бидай мен ұн саттық. Яғни, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млн-ға артық деген сөз. Өзге өңірлерде де  бұдан көбірек саттық деп атой салып жатқан ешкімді көрмедім. Жалпы, экспорттағы ұн үлесі айтарлықтай төмендеп кетті.  Алайда,  нақты көлем индексі бойынша оның өсім көлемі жоғары көрсеткішке ие. Қаңтар айында 270 мың тонна ұнды түсірдік, бұл рекордтық көрсеткіш. Биылғы жылғы табысымыз осы. Мұндай көрсеткішке ел ішіндегі вагон мен астық тасымалдаушылардың тапшылығына қарамастан жеттік. Бір қызығы, ұн шығарушылардың өздері экспорт көлемінің төмендігін алға тартады. Кейде бізде тауарды ақырын тасымалдап жатқан ұн тартушылардың жасырын гильдиясы бар  ма деген ойға қаламын, – деді одақ басшысы.IMG_0341
         Жартыжылдық қорытындысы бойынша ұн экспортының басым бөлігі Ауғанстанға – 668 000 тонна тасымалданған. Екінші орында Өзбекстан – 449 000 тонна (былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24%-ке көп). Тәжікстанға 41 000 тонна, Қырғызстанға – 22 000 тонна жөнелтілген.
        – Әзірге эскпортты 2,5 есе ұлғайта алмаймыз. Қазіргі міндет сол, осы межеден төмендемеуіміз керек. Айналып келгенде мәселе ұн экспортында емес. Керісінше қайта өңдеу өнімдерін экспорттауды қолдау қажет. Бізде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері саласында айқын экспорттық стратегиямыз жоқ…Ұн тарту саласының мәселесі – қарқынды дамуында, яғни, біз барлық салалардан он жылға ілгері кеттік. Біздің деңгейге құс өсірушілер, сүт өндірушілер, ірімшік жасаушылар, шұжық шығарушылар әлі жеткен жоқ. Олар сыртқы нарықта осындай деңгейге жеткен уақытта дәл осындай кедергі  механизмдеріне тап болады. Астық өңдеушілер әзірге алғашқы сала болып отыр, – деді Евгений Ган.IMG_0349
         Одақ төрағасының айтуынша, Өзбекстанда бизнесті қолдаудың түрлі бағдарламалары бар. Мәселен, өзбекстандық кәсіпкерлер  бау-бақша өнімдері салығынан және баж салығынан босатылған, сондықтан Сондықтан, о жақтың өнімдері Шымкенттің жылыжайында өскен жемістерден екі есе арзан келеді.
         -Тағы бір мысал, қазақстандық ұн импортымен қалай күресуге болатынын Тәжікстаннан байқауға болады. Жыл сайын біз осы елге 50 000 тоннаға кем ұн жөнелтеміз. Яғни, олардың салық саясаты арқылы импортты алмастыру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр, – деді Евгений Ган.
         Еліміз үшін ең тартымды нарық Ауғанстан болып отыр. Алайда, бұл артықшылықты да ұзақ мерзімді деп санауға болмайды дейді сарапшы. Егер бидай бағасы көтерілсе, Пәкістан Ауғанстан нарығына қайта оралып, Қазақстанды ығыстырып тастауы әбден мүмкін. Есесіне ауған нарығы ұн сапасына талап қоймайды. Демек, оны кез келген нарықтан сатып ала алады.IMG_0345
      -Биыл ұн шығарушыларды не күтіп тұр? Пайымдауымша айтарлықтай ауытқулар болмайды. Бұған қоса бағаға болжам жасағанды жаным сүймейді, тек негізгі факторлар мен трентдерді айта аламын. Мәселен, бағаның деңгейіне біздің «Азық-түлік келісімшарт копорациясы» әсер ете алады. Корпорация биыл бидайдың бір тоннасын  37 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтерді. Ал бағаның түсу факторларына Ресейдегі бидай қорының үлкен ауқымы себеп болуы мүмкін. Бұрын Ресей қазақстандық нарыққа имене кірсе, кішкентай есікпен кірсе, қазір еркін сайрандап жүр. Биыл Ресейден 560 мың тонна ұн тасымалданды. Бірақ, мәселе сыртқы нарықта емес, мәселе өзімізде. Біз өте көппіз, – деді Евгений Ган.
          Одақ басшысы қостанайлық ұн өндірушілерге корпоративті бағыт ұстануды ұсынды. Оның  мәлімдеуінше, ұн өндірушілері біріккен өңірлерде түйткілді мәселелер оңай шешілетін көрінеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓