Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Бүгінгі таңда қоғамда латын қарпіне көшу мәселесі қызу талқылынап жатыр. Мамандар мұндай маңызды мәселенің көпшіліктің талқысына түсуін заңды деп есептейді. Осының нәтижесінде 2025 жылға дейін халық ең ұтымды бір шешімге келуі тиіс.20180815_111115
      Елбасымыз айтқандай, латын әліпбиі ең әуелі әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл, басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімді.
        Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында өткен кезекті брифингте «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенғали Оспанов  Қостанайдағы мүмкіндіктері шектеулі жандар да жаңа әліпбиді үйренуге деген құлшыныс танытып отырғанын айтты.
     -Бұл бәріміз үшін керек. Неге десеңіз, қазір әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп жатырмыз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар да түрлі мекемелерде жұмыс істейді. Яғни, олардың да жаңа әліпбиді оқып үйренуі қажет. Сондықтан, оларды қазақ жазуының тарихымен таныстырып,  латын қарпіндегі қазақ әліпбиін үйреті сабақтарын қолға алып жатырмыз. Ол үшін алдағы қыркүйектен бастап үш ай бойы дәрістер ұйымдастырамыз. Оған арнайы тіл мамандары шақыртылады,- дейді қоғамдық бірлестік төрағасы.
                                                                                                                            Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓