«Ұлы Дала мұрагерлері»
Тұңғыш Президент күнін мерекесі қарсаңында Қостанайдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының, балғын домбырашылардың қатысуымен осындай атауда KOSTANAY PLAZA ойын-сауық орталығында музыкалық флэшмобы өтті.



Сауда орталығында Зияткерлік мектептің жас домбырашылары Құрманғазы атамыздың «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқым» және тағы басқа күйлерін тарту етті. Іс-шара алдында 7-сынып оқушылары домбырамен попурри ойнады. Мереке соңында мектептің шығармашылық ұжымы, болашағымыз жарқын болсын деген ниетпен флешмоб биін «Бір үйдің баласындай» атты әнімен аяқтады.



Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
Не деген керемет жастар!