Рой Джонс тілшілерге сұхбат берді

Рудныйда әлемге әйгілі боксшы Рой Джонс аймақтық журналистермен баспасөз конференциясын өткізді.6
ERG спартакиадасының арнайы қонағы болып келген Рой Джонс 1988 жылғыОлимпиада Ойындарының күміс жүлдегері, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Америкалық журналистер бірлестігі Джонсты 90-шы жылдардағы «Онжылдықтың боксшысы» деп атаған. Ол 1996, 1999 және 2003 жылдары үздік боксшылардың рейтингін бастап тұрды. Бокс тарихындағы орта салмақта, екінші орта, жартылай ауыр және ауыр салмақта әлем чемпионы болған тұңғыш боксшы. Кәсіби спортта 74 жекпе-жек өткізіп, оның 65-ін жеңіспен аяқтаған. Онымен қоса Рой Джонс музыкалды және актерлік мансабымен белгілі. 2001 жылы рэп стиліндегі алғашқы альбомын жазып, 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильмінде капитан Баллардтың рөлін сомдады.4
Журналистермен емін-еркін сұхбат барысында спорт пен өнерді қатар алып жүрген Рой Джонс Геннадий Головкин мен Сауль Алварестің өткен жылғы жекпе-жегіне баға беріп, алдағы уақытта «Канело» одан артық күш-қуатын көрсететіндігіне күмәнмен қарады. Сондай-ақ6 ол бұрын Қарағандыға екі  рет келгендігін айтып, қазақстандықтардың қонақжайлығына тамсанды.
–Рудныйға келісімен кішкене уақыт таза ауада серуендеп, бой сергіттім. Маған тұрғындардың ашық жарқын мінезі, маған деген көзқарасы қатты ұнады, – деді Рой.
Боксшы адамдың мәдени және рухани өмірі үшін спортпен айналысудың маңызы зор екендігін де атап өтті.
– Мен ERG компаниясының спортты қолдау мен дамытуға жасап жатқан жұмысын қолдаймын. Табысты өмір сүрудің кілті спорт екенін әрбір адам жақсы білуі тиіс. Сондай-ақ, спорт ең тиімді коммуникациялық құралдардың бірі, ол арқылы әлемді танып, рухани азық алуға болады, – деді ол.
Баспасөз конференциясының барысында Рой Джонс соңғы жазған әндерін орындап, әзіл-қалжыңнан да кенде емес екендігін көрсетті. Боксшы жұртпен естелік фотоға да түсіп, қолтаңбасын қалдырып жатты.7
Аталмыш шарадан кейін Рой Джонс «Горняк» стадионына барып, жас спортшылармен шеберлік сағатын өткізді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓