Желілер жаңартылады
Лисаков қаласында инженерлік желілерді қайта құру, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Октябрь кентінде жалпы құны 708 млн теңгенің жылу желілерін қайта жаңарту мен газ қазандықтарының құрылысы бойынша жоба аяқталды. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 397 млн теңгеге қаланың жылу орталығының ПТВМ-100 су жылытқыш қазандығы күрделі жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 554 млн теңгеге инженерлік желілерді жөндеу бойынша 15 инфрақұрылымдық жоба іске асырылған. 2,1 шақырым сумен жабдықтау желісі, 3,4 шақырым су беру желісі, 1,7 км жылу желілері төселіп, жылу орталығында 11 сорғы ауыстырылыпты.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында ескірген электр желілері мен жабдықтарды жөндеуге айтарлықтай қаржы бөлінді.10 Квт кабельдік желілерді ауыстыру бойынша орасан жұмыс жүргізілді, қаланың төрт қосалқы стансасында ескірген электр жабдықтары жаңарды. Құрылысы өткен жылы басталған жалпы ұзындығы 11,5 км жылу орталығының және қалаға дейін 2 көтермелі сорғысы бар магистральдық су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары биыл да жалғасатын болады. Сондай-ақ, коттедждерде дренаж жүйесін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз», – дейді қала басшылары.
Алдағы уақытта қаладағы инженерлік желілерді одан әрі қайта жаңғырту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жалғаспақ.
Мәселен, өткен жылы бес жоба бойынша 2,2 млрд теңгеге мемлекеттік сараптама әзірленген. Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау бойынша 2 жоба, сумен жабдықтау, су беру және тұрғын үйлерге газ құбырын тарту бойынша бір жоба мақұлданып отыр.