Бөтеннің көлігімен баланы қақты

Рудный қаласының полицейлері 9 жасар қызды көлікпен қағып, қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. kukla-iznasilovanie-detskoe-nasilie«14 тамыз күні ақ түсті «Киа Рио» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Рудный қаласындағы Парковая-Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 9 жасар оқушы қызды қағып кетті. Көлік апатынан бала оқиға орнында көз жұмды», – деді департамент өкілі.
Жүргізуші жол апатынан кейін көлігін қалдырып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.
«Полицейлер автокөлік  жүргізушінің кім екенін анықтады. Олар күдіктіні ұстауға бар күштерін салуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті», – деп түйіндеді ІІД өкілі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓