10 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды
Қостанай облыстық әділет департаментінде сот актілерін орындау аумақтық бөлімі филиалының жыл басынан бергі 10 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес болып өтті.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1009 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес облыстық әділет департаментіне Қостанай облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі департаментін қосу жолымен қайта ұйымдастыру жүргізілгені айтылды. Басқосуда борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, өсім төлету, мәліметтер санын арттыру және басқа да мәселелер қаралды. Департамент басшысы Е.Әбдрахманов аумақтық бөлімнің басшыларына сот орындаушылары жұмысын бақылауды жақсарту, тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін айтып, алда тұрған міндеттерге назар аударды.