Айыбы – алты миллион теңге
Қостанайда лауазымды тұлғаға пара берген жеке кәсіпкер Светлана Мазур сот үкімімен 6 млн теңге сомасында айыппұл төлейтін болды. Мазур «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті» РМБ басшысының міндетін атқарушы Күлзада Өтегеноваға пара берген. Шенеунік Мазурдың дәріханасында анықталған заң бұзушылықты біліп, одан 200 мың теңге талап еткен. Пара екі бөлініп берілген, ақшаның соңғы бөлігін беріп жатқан кезде Өтегенова қылмыс үстінде ұсталды.
Сот Мазурға параның 30 есе сомасы көлемінде айыппұл түрінде жаза белгіледі, яғни ол алған парасын 6 млн теңге қылып қайырады. Сондай-ақ, өмір бойына ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындаумен байланысты лауазымды атқару құқығынан айырылады. Өтегенова, бұдан бұрын хабарланғандай, 6 жылға бас бостандығынан айырылу үкімі кесілген-ді. Алайда апелляциялық сатыда жазаны 21 млн теңге айыппұлға өзгертуге қол жеткізді.