1000-нан астам ереже бұзылды

 Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі үш күндік "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасының қорытындысын жариялады. 8-10 тамыз аралығында тәртіп сақщылары 1073 жолда жүру ережесін бұзу дерегін әшкереледі. Оның ішінде, 43 мас жүргізуші жол бойында тоқтатылған.  IMG_2534"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында жергілікті полицейлер ЖЖЕ қатаң бұзушыларды тәртіпке шақыру үшін үш күн үздіксіз рейдттер жүргізілді. Бұл операция кезеңінде жол-патрульдік полициясы батальонының барлық қызметкері жұмыла жұмыс істеді.Сонымен, көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданған 81 жүргізуші ұсталды. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын шамадан асырғаны үшін 144 азамат әкімшілік жазаға тартылды. Қауіпсіздік белдігін тағынбағаны үшін 192 жүргізушіге айып салынды. Маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 23 шопыр тұтылып, қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен 3 жүзгізуші тоқтатылды. 15 көлік иесі бағдаршамның рұқсат етілмеген түсімен қозғалысты шектемегендіктен, 17 жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағы тұсына аялдамағаны үшін, апаттық жағдай тудырғаны үшін 1 азамат айыппұл арқалады. Сондай-ақ, 39 көлік тізгіншісінің жүргізуші куәлігі болмаған. Тағы да 6 тұлғаның көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бұған қоса, ЖЖЕ бұзған 88 жаяу жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің өкілдері өңірдегі барлық көлік жүргізушілерін жолда жүру ережесін сақтауға, қарапайым тәртіпті бақылауда ұстауға шақырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓