«Әділет кеңес береді» акциясы өтті
Билік партиясы әділет органдарымен бірлесе отырып, «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырды. Түрлі мәселелер бойынша заңгерлік кеңес алған азаматтар мұндай шараға биыл бірінші рет қатысып отыр.
Сергей Мищенко «Нұротанның» бұл акциясына Қостанай қаласынан көмек сұрап келіпті. Ол осыдан тоғыз ай бұрын Алматы қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған. Міне, содан бері үш ай өтіпті. Барлық құжаттар мен тиісті органдарға емтихан тапсырды. Бірақ бізге әлі жүргізуші куәлігін ала алмай жүр.
Ал Күзембаевтар отбасы жаңадан салынған үйдің құжаттарын жекешелендіре ала алмай дал. «Біз жергілікті жер комитетіне бірнеше рет бардық. Алайда жер телімін өз атымызға жекешелендіруге рұқсат бермей отыр. Қолымда жергілікті төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық стансаның берген рұқсат құжаттары бар», деді.
Жұмыстағы заңсыздықтың түрлі құйтұрқылығы, баласына алимент ала алмауы, сот орындаушыларының әрекеті жайлы мамандар қажетті кеңестерді бергісі-ақ келген. Өкінішке қарай, жылына бірнеше рет қана өткізілетін осы бір акциядан санаулы адамдар ғана сұрағына жауап тапты. Өйткені, жалпы жұрт бұл шарадан хабарсыз. Десек те, барымен базар қылған қызметкерлер түскен шағымның барлығы аяқсыз қалмайтынын айтады.
Қанат Нақанов, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары: «Кеңес бергеннен кейін келген кісілердің қолындағы құжаттарына қарап, оны тиісті мекемесіне жібереміз. Сол орындалғанша, сол кісі қанағаттанып, жауабын алғанша жұмыс істейміз», деді.
Республика бойынша барлық аймақтар мен облыстарда өткен бір күндік акция – жыл басынан бері жасалған бірінші шара. Әділет қызметкерлерінің қорыта келгендегі кеңесі мынау: қандай жағдайға тап болсаңыз да Ата Заңның аясында амал етіңіз.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ