Диқандар астық оруға кірісті

Қостанай облысының диқандары астық оруға кірісті. Бүгінгі күні шамамен 50 мың гектар бидай және бұршақ дақылдары бар.
Алғашқы бес аудан жиым-терім жұмыстарын бастап кетті. Олар: Аманкелді, Жанкелдин, Сарыкөл және Қостанай мен Меңдіқара аудандары. Диқандар жалпы көлемі 4,1 млн гектар астық және бұршақ дақылдарын, оның ішінде 3,4 млн га бидай мен 429 мың га майлы дақылдарды орады. 
Ауа райы қолайлы болса, дала жұмыстарын 25-30 күннің ішінде аяқталады деп отыр диқандар. Облыста, сонымен қатар, шөп шабу жұмыстары да жалғасып жатыр. Мал азығын еке еселеп жинап алу жылдағы әдет дейді шаруалар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓