Қақпашылар бапкері келді

Марек Зубтың бапкерлер қосыны бір адаммен толықты. Ол – қақпашылар бапкері Евгений Набойченко. Бұл туралы "Тобыл" ФК ресми сайты хабарлайды. набойченко
Евгений Набойченко түркімениялық футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы. Ашхабадтың “Копетдаг” клубымен бірге Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнап, кейін Қазақстанға біржола орнығып қалды, қазір Қазақстан азаматтығын алған. Түркіменстан құрамасында 1997-2004 жылдар аралығында ойнады. 
Футболшылық карьерасын аяқтаған соң Қазақстанның бірнеше клубтарында қақпашылар бапкері боп қызмет атқарды.
Жетістіктері:
• Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1997 
• Түрікменстан вице-чемпионы: 1996, 1998
• Түрікменстан кубогы: 1993, 1994, 1996, 1999 
• Қазақстан чемпионы: 2004 
• Қазақстан кубогы: 1999/2000, 2001, 2003.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓