«7-20-25»: БАСТЫ МАҚСАТ – БАСПАНАМЕН ҚАМТУ

Облыс тұрғындары 7-20-25 бағдарламасыбойынша ипотекалық несие ала бастады. Бүгінге дейін өңірдегі екінші деңгейлі банктерге 26 азаматтан жалпы сомасы 193 млн. теңге несие бөлу туралы өтініш түскен. Оның 24-і мақұлданып (жалпы сома – 177 млн. теңге), 20 адамға 147 млн. теңге  ипотекалық несие берілді.ABT_2018
«Азаматтар үшін үкімет» МК маманы Саяна Байтуха – 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алған ең алғашқы қостанайлық. Оған «Арман» шағын ауданында «БК Строй» құрылыс компаниясы тұрғызған көпқабатты үйден 2 бөлмелі баспана бұйырыпты. Пәтер құнынының 20%-і мөлшеріндегі  бастапқы жарнаны салуға ата-анасы көмектесіпті. – Бұл бағдарламаға қатысу үшін,ең бастысы, басыңда баспанаң болмауы шарт. Несие тарихың да таза болуы керек. Еңбекақы туралы анықтама керек.  Менің айлығым көп емес. Бірақ қосалқы қарыз алушым бар. Банк несиесін өтеуге мүмкіндік болмаған жағдайда сол көмектеседі.Несиені ресімдегенде екеуміз бірге тіркелдік. Банк құжаттарымды небары 2-ақ күнде қарап шығып, бірден несие бөлді. Расын айтсам, қуанышымда шек жоқ! Осыншама қысқа уақыт ішінде баспаналы боламын деп ойламаппын.  Несиені 25 жылға алдым. Бірақ, әрі кетсе, 10 жыл ішінде қарызымды толық өтеп бітіру ойда бар. Банк мұндай да мүмкіндікжасайды. Несиені ешқандай айыппұл немесе комиссиясыз мерзімінен бұрын жауып тастауға болады, – дейді Саяна.
Жаңа бағдарлама бойынша пәтерлі болған жалғыз Саяна ғана емес. Бүгінде 20 шақты қостанайлық жас отбасы жаңа үйдежайлы пәтерге қоныстанып үлгерген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓