Торғайдың қамын жеген

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шалғайдағы Жанкелдин ауданында қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Мұндағы елжанды азаматтар ауылдарынан көмектерін аяп қалар емес. Мәселен, Торғай селосының тумасы, кәсіпкер Болат Қосқоловты газет оқырмандары жақсы біледі. Айтулы азаматтың туған жеріне еткен еңбегі мен өнегелі өмірі жайында бірнеше рет жазған едік. Бұл мақала да сол кісі туралы болмақ.IMG_1907
Торғай музейлерімен танымал. Шағын шаһардың сәнін келтіріп тұрған бес бірдей мұражай қарт Торғайдың тарихынан сыр шертеді. Сырттан келген бар қонақ әуелі осында аялдайды. Дегенмен, не нәрсе болмасын бірінші күтімді қажет етеді емес пе. Осынау мәденит ғимараттарына демеушілік жасап, қолдау көрсетуде жолынан жығылмаған жандардың бірі – Болат ағамыз.
Ол биыл ауылдағы қос бірдей музейге, Шақшақ Жәнібек пен Ыбырай Алтынсарин мұражайларына су тартып, құбырларын жаңартып берді. Туған жердің патриоты осылайша өз перзенттік парызын өтеп келеді. Ауылға сыйлы болған Халық ақсақалдың ұлы Болаттың ауылдастарына жасап жүрген жақсылығы бір бұл емес. Ол қысы-жазы ауыл арасындағы жолдарды тазартып отырады. Ісіне сүйсінген ел талай мәрте аудандық, облыстық газеттер арқылы алғыс та айтқан болатын. Тіпті, осыдан 2 жыл бұрын ғана облыс әкімі елжанды азаматтың төсіне құрмет медалін таққан еді. 1
 
БезымянныйМіне, жомарт жанның жуырдағы жақсылығы үшін облыстық мәдениет басқармасы да өз алғыстарын жеткізіпті.
-Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жерге туыңды тік» атты бағдарламасы аясында туған жер мүддесі жолында  Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешеніне демеушілік жасаған Болат Халықұлына шын жүректен алғысымды білдіремін,-дейді Торғай музейлері кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей.
Болат Қосқолов әдеттегі қарапайымдылығынан еш танбай, бұл ісін міндет санайды.
-Адам баласы, әуелі, өзіне сосын өзгеге, туған жеріне көмектесуі керек. Сенің жаның ашымаса, оған ешкім келіп көмек бермейді. Бұл – біздің үйіміз. Сондықтан одан ешнәрсені аямаған жөн. Дүние аман тұрса, бұл бетімізден қайтпаймыз, туған жерге қызмет қылу жалғаса береді,-дейді ол.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

1 Response

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓