КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

Өңірде соңғы 4 жыл ішінде шағын және орта бизнес еншісіндегі өнім 50 пайызға өскен. Кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков облыстағы кәсіпкерліктің даму барысы талқыланған басқосуда осылай деді. DSC_0062 - копияОның айтуынша, шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс белсенділігі жөнінен Қостанай облысы республика бойынша 7-орында келеді. 2014 жылы шағын бизнеске бет бұрғандар саны облыста 138 мың болса, биылғы көрсеткіш бойынша бұл салада 152 мың адам еңбек етеді екен. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың өңірде тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Мәселен, 2018 жылы өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға 6 млрд теңге қарастырылған. Оның 1,5 млрд теңгесі шағын несиелеуге жұмсалыпты. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларға қатысқан кәсіпкерлерге 7,3 млрд теңге субсидия берілген. Нәтижесінде аталған уақыт аралығында 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылып, 589,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген.DSC_0063 - копия
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 2,2 млрд теңге қарастырып отырмыз. Қазірдің өзінде 79 бизнес жоба мақұлданды. Субсидия қаржысының көбі өндіріс (31%) және ауыл шаруашылығы (18%) салаларына бағытталды. Бұған қоса жаппай кәсіпкерлікпен қамту бағдарламасының орындалуына 3,8 млрд теңге қаржы құю көзделген. Оның 1,5 млрд теңгесі Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында іске асырылады», – деді Иса Құдабеков. DSC_0067 - копия
Алайда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен қамту бағдарламасы Арқалық және Лисаков қалалары мен Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Жангелді, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Таран және Ұзынкөл аудандарында ойдағыдай жүзеге асырылмай келеді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жыл соңына дейін әлі 4 ай бар екенін айтып, аталған аудандарға бағдарламаны жүзеге асыру барысын ширату түсу қажеттігін ескертті. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓