Шығарып салып, тосып алады
Науырзым ауданындағы Қарамеңді ауылының шыға берісінде алғаш рет кемпинг ашылды. Бұған дейін бұл учаскеде аялдап, демалатын орын болмаған еді. "Сәтті" деп аталатын кемпингтің салтанатты ашылуында бұл жобаны жергілікті кәсіпкердің іске асырғаны айтылды. Жеке кәсіпкер Қарағұлов "Бизнестің жол картасы -2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында грант ұтып алған.Жол үстіндегі сервис Докучаев-Раздольный-Аралкөл тас жолының 33-шақырымында орналасқан.