Тілдерді оқыту – жаңаша леппен
Рудный қаласындағы тілдерді оқыту орталығы «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып заңды тұлға ретінде қайта тіркелді. Алайда атауы өзгергенімен мекеменің алдына қойылған міндет-тапсырмалары өзгермек емес. Бұндай өзгеріске облыстың барлық орталықтары ұшырағанын айта кеткен жөн.

Рудный қалалық көркемсурет мектебінің мұғалімі Елена Михайлова:
– Біз бір жыл бойы қазақ тілін меңгердік. Орталық өте таза, әрі әдемі. Мұғалімдердің біліктігі жоғары, сыныбымыз қажетті оқу құралдарымен, техникалық жабдықтармен қамтылған. Мұнда оқу тегін. Бұл тіл меңгерем деушілерге жасалаынып отырған үлкен мүмкіндік, – дейді.
Қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Жанпейісованың модульдік технологиясын негізге ала отыра, тәжірибе негізінде модульдік оқыту бағдарламасын жасаған. Қазіргі күні орталық сол бағдарлама бойынша жұмыс істеуде.
Айғанша Бисенбаева, Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы:
«Қашар ауылы әкімінің бастамасымен биылғы жылы 50 адамды құрайтын тағы да бір топ құрылып отыр. Олар мемлекеттік тілді меңгеретін болады. Және бір топ ағылшын тілін. Бұл орайда айтарым, аумақты тарту сауалы бойынша мәселелер шешілуде. Орталықтың міндеті тыңдаушылар үшін оқыту жүйесін әдістемелік құралдармен қамту. Мемлекеттік тілді меңгеру курсына қатысушылар Қашар кенті мектебінің базасында оқытылатын болады».

«Рудный дауысы» қалалық телерадиотарату редакциясы