Бас бапкер кетті
Қостанайлық «Тобыл» футбол командасының бас бапкері клубтан кету туралы шешім қабылдады.Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң клуб басшылығынан қызметінен босатуды өтінген.
«Бас бапкер «Пюникпен» болған ойыннан соң қызметінен босатуды сұрады. Клуб басшылығы ұсынысты қарап жатыр», – деді «Тобыл» футбол клубының медиа-офицері Константин Должанский.
Еске салсақ, кеше Ереван қаласында футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» жергілікті «Пюник» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.