Көпір облыс меншігіне беріледі

Қостанайдағы Тобыл өзені арқылы өтетін көпір коммуналдық меншікке өткізілуі мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында жарияланған құжатта айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.мост 1 «ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автокөлік жолдары комитетінің меншігінен Тобыл өзенінен М-36 «РФ шекарасы- Алматы» автомобиль жолы арқылы арқылы өтетін көпір Қостанай облысының жеке меншігіне өткізілсін», – делінген Үкіметтің «Республиканың меншігіндегі мемлекеттік мүлікті Қостанай облысының коммуналдық меншігіне аудару мәселесі жөніндегі» қаулысының жобасында.
Министр Жеңіс Қасымбектің түсіндірме жазбасында көрсетілгендей, автокөлік құралдарының Қостанай аумағындағы тоқтаусыз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін мүлікті аудару қажет. Аталмыш фактіге қатысты «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Қостанайдағы филиалы пікір білдірді. Кәсіпорын директоры Андрей Горваттың мәліметінше, бұл мәселенің көтерілгеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Көпір қаланың ішінде болғандықтан, оны Қостанай облысының коммуналдық меншігіне өткізген жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓