Жаңа мектеп ашылады

Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жаңа оқу жылында мемлекеттік тілде білім беретін 320 орындық жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.98047363_290709778757100_992018199903993856_n
Жаңа білім ошағының құрылысын мердігер "Алюминстрой" ЖШС былтыр 21 маусымда бастаған болатын. Жобаның жалпы құны – 1380 млн теңге. Бүгінде бөлінген қаржының көп бөлігі игеріліп, құрылыс-монтаж жұмыстары 90%-ға аяқталған. Барлық инженерлік коммуникациясы жүргізіліп, нысанның ішкі бөлігі толық әзірленіп, жиһаз бен қажетті құрылғылар әкелінген.100596489_290709788757099_3472117133352108032_o
98610785_290709882090423_7479801385546940416_n98851685_290709772090434_7106382656656375808_nМердігер компания тамыз айына дейін мектеп ауласын абаттандыру жұмысын аяқтайды.
Ал 1 қыркүйекте заманауи талаптарға сай келетін, интерактивті құрылғылармен, спорт кешенімен, физика және химия бөлмелері жаңа модификациямен жабдықталған мектеп оқушыларына есігін айқара ашпақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓