ЕЛ: “Тобыл” келесі кезеңге шыға алмады (БЕЙНЕШОЛУ)
“Тобыл” Еуропа Лигасындағы жорығын аяқтады. “Пюник” келесі кезеңге өтті.
Екінші тайм басында алаң иелерінің басымдығы көрінді. Олар әлсін-әлсін шабуылдарымен қақпашы Дмитро Непогодовты мазалады. Әсіресе, “Пюник” капитаны Руслан Корянның белсенділігін айта кетейік. Жылдам шабуылдардың бірінде Артурас Жулпа сол Корянды құлатып, “сары қағаз” алды. Сондай-ақ, армян Айрапетянның соққысы мығым шықты. Дмитро Непогодов тағы да шеберлік танытты. Ол бұл жолы Григорянның алыстан бағыттаған соққысына тосқауыл тұрды. Владимир Никитенко алаңға Хуан Лесканоны жіберді.Ол жарақат алып қалған Марат Быстровты алмастырды.
Кездесудің 82 минутында Жестоков айып алаңына пас асырды. Мирошниченкомен допқа таласта бірінші жеткен Конате “Пюникке” бір гол сыйлады.
“Тобыл” үшін бұл голдың салмағы ауыр екені сөзсіз. Қостанайлықтардың есеп теңестіруге деген қадамы нәтижесіз.

Осылайша, “Тобылдың” Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталды.
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі