Гүлденсе ауыл…
Қарабалық ауданында "Атамекен" кіші бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Жайна, Қарабалық!" жобасы іске қосылды. Бағдарлама арқасында ауданда бірқатар шаруа атқарылды.Кәсіпкер Александр Ақбаев Қарабалық кентіндегі Черемушки ықшам ауданында балаларға арналған ойын алаңын салып берді. Мұнда бас-аяғы 400 пәтерді құрайтын көп қабатты 16 үй бар. Шамамен жүзден астам бала тұрады.
Сондай-ақ, "Жайна, Қарабалық!" жобасы аясында меценаттар есебінен Ворошилов ауылына ауызсумен қамтамасыз ететін ұңғыма салынды. Бұл ауыл үшін ауызсу мәселесі тым күрделі болатын. Көп жыл таза суға қол жеткізе алмады. Әлеуемттік проблеманы "Ақ Бидай Агро" ЖШС өз қаражаты есебінен суды бұрғылауға арналған ұңғыма сатып алды.Бұдан бөлек, жомарт жандар Тоғызақ орта мектебінің жөндеу жұмыстарына атсалысты. Бүгінгі таңда бұл мектепте 130 оқушы білім алады.