Жол қайта салынды

Қостанай облысында бірнеше жол учаскесі қайтадан өңдеуден өтті. Бұл мақсатта 57 млн теңге жұмсалды. Қостанай облысы бойынша Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы филиалының директоры Абылайхан Алшынбаевтың айтуынша, жол жұмыстарында өрескел қателіктер жиі кездесуде.
«Жыл басынан бері Қостанай облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша 600 инспекция жүргізілді. Осы уақыт ішінде 800 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 200-ден астамы өрескел қимылға барған», – дейді Абылайхан Алшынбаев.
1ec7150fbaf836f34cb0cf9f741e55c4
Оның айтуынша, ең жиі кездесетін олқылықтарға төсеу кезіндегі асфальт-бетон қоспасының температурасының сәйкес келмеуі (талап етілгеннен аз), темірбетон бұйымдарын дұрыс қоймау жатады. Сонымен қатар кейбір жер ойылып қалған.
«Жұмыс технологиясының сақталмауы да бар. Мысалы, ұйымдастырылған негізге тиісті күтімнің болмауына аз мән беріледі. Жол негізін сапасын тегістейтіндер де бар. Көбіне құрылыс алаңында жол-құрылыс техникасының минималды жиынтығы жоқ. Қазіргі уақытта біздің филиалдан тапсырыс берушілерге, сондай-ақ мердігерлерге 270 хат жолданды және 194 хатқа жауаптар бар. Пысықталмаған ұйғарымдардың негізгі бөлігі жергілікті жолдар желісіне тиесілі», – деп атап өтті филиал директоры.
Республикалық желі бойынша тоғыз учаске ұйымдардың бақылауында. Жергілікті жолдар желісінде 31 нысан, қала аясында 32 нысан бақыланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓