АКЦИЯҒА ҚАТЫС! ЖЕҢІМПАЗ АТАН!
Құрметті жерлестер, қадірменді оқырмандар, әлеуметтік желі тұтынушылары! Баршаңызды "Латын қарпінде жазып үйренейік" акциясына қатысуға шақырамыз! Бұл шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілгелі отыр. Сайыс түріндегі акция ВКонтакте желісінде жүргізіледі. Мақсат – ұйымдастырушылар ұсынған қазақтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін латын қарпінде жазу. Егер Сіз тапсырманы жедел әрі сапалы орындасаңыз, ұпайыңыз көбейіп, келесі кезеңге жолдама аласыз. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді. Ендеше, акцияның ереже-шарттарымен таныс болыңыз:
1.Жалпы ережелер
«Латын қарпінде жазып үйренейік» акциясы (бұдан әрі – Акция) интернет-қоғамдастықты қазақ сөздерін латын транслитерациясымен жазу тәжірибесіне машықтандыруға бағытталған.
Акцияны «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қостанай таңы» облыстық газетімен бірлесе отырып ұйымдастырады.
Акция тәуекелге негізделген лотерея немесе ойын емес, оған қатысу үшін төлемақы алынбайды.
Осы Ереже Акцияға қатысуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады. Аталған Ереже www.sayasat.kostanay.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ашық түрде жарияланады.
Акцияның мақсаты – «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасын ілгерілету.
Акция келесі әлеуметтік желілерде өткізіледі:
1) Instagram (жарнама)
2) Вконтакте (негізгі платформа)
3) Facebook (жарнама)
2.Акцияны өткізу шарттары
Акцияға «https://vk.com/internalpolicy_kst» ВКонтакте Ішкі саясат басқармасы парақшасының барлық жазылушылары қатыса алады. Акцияға қатысушылар (парақша жазылушылары) әлеуметтік желіде қазақтың мақалдарын латын графикасында аудармасын жазуы тиіс. Аптасына екі рет (сейсенбі, бейсенбі) тапсырмалар жаңартылатын болады. Ең бірінші болып дұрыс жауап жазған қатысушылар әр дұрыс аударма үшін 1 баллдан алады. Күрделілік деңгейі әр кезең сайын арта түсетін болады. Ең көп балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
3.Акцияны өткізу тәртібі
Акция 2018 жылдың шілдесі мен қараша айлары аралығында келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
2018 ж. шілде – акцияның басталуы.
2018 ж. қараша – акцияның аяқталуы.
2018 жылғы қараша – нәтижелерін хабарлау, жеңімпаздарды марапаттау.
4.Аудармаға қойылатын талаптар
– Латын әліпбиінің барлық ерекшеліктері есепке алынып жазылған дұрыс жауаптар қабылданады.
5.Бағалау рәсімі
Аудармалардың сараптамалық бағалауын акция ұйымдастырушылары жүзеге асырады.
Ұйымдастырушылар дұрыс жауаптарды анықтайды, барлық баллдарды санайды.
6.Акция қорытындысы және қатысушыларды марапаттау
Акция қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады. Ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен мадақталады.
Жүлде қорын ұйымдастырушылар белгілейді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 жылы қараша айында өтеді.