Қосымша 8 бекет қойылды
Бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.Нечитайло және облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қ.Мәжікенов өңірдегі мониторингтік топтардың қызметі және санитарлық бекеттердің жұмысы туралы онлайн-брифингте баяндап берді.В.Нечитайлоның айтуынша, санитарлық бекеттер жұмысын бүгін сағат 00:00-ден бастады. Өңірдің периметрі бойынша бес бекет орнатылды, олар – Арқалық, Қарасу, Сарыкөл, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында және Рудныйдағы үш санитарлық бекет.
Бекеттерде полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері ауысыммен 12 сағаттан қызмет атқарады. Олар дене температурасын өлшей отырып, жүргізушілер мен жолаушыларды визуалды профилактикалық тексеруден өткізеді. Полиция қызметкерлері бекеттен өтетін көлікті тексеріп, есебін жүргізеді.
Ал Құрмет Мәжікенов мониторингтік жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, карантин талаптарын бұзу деректері бойынша 1 470 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 66,9 млн теңге айыппұл салынған. Қазіргі уақытта эпидамиялық жағдайдың нашарлауына байналысты, мониторингтік топтар барынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
"Тек соңғы төрт күн ішінде 1 804 нысан тексеріліп, 253 ереже бұзушылық тіркелді. Талапқа қайшы келетін әрекеттердің көбі – әдеттегідей, маска тағуға салғырт қарау, жұмыс нысандарының регламентерінің сақталмауы", – дейді подполковник.
Жалпы, 5 шілдеден бастап 5 685 ереже бұзушылық тіркелген. Осыған байналысты, облыстың бас санитарлық дәрігері де қостанайлықтардың көпшілік қатысатын шараларды өткізуді тыймай тұрғанын, ал сауда нүктелерінің қызметшілері санитарлық талаптарды бұзу жөнінен тізім басында келе жатқанын айтты.