«1000 сауда орны» жобасы басталады

            Қостанайда «1000 сауда орны» жобасы басталады. Аталған жоба кәсіпкерлер жер телімдерін алу барысында кездесетін кедергілерді жояды. Бүгінде қала ішінде бизнеске жалға берілетін 15 жер телімі анықталған. Олар орталық саябақта, «Шағала» жағажайы мен Гашек көшесі бойындағы жағажайда және «Қостанай Плаза» сауда-сауық орталығында орналасқан.костанай
            – Аталған жоба 7 бизнес-бастамадан тұрады. «Атамекен» ҰКП мен «Тобыл» ӘКК бірлесе отырып жүзеге асыратын болады, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақтанәлі Исмаил. – Жер телімдерін бөлу процесі ашық өтеді. Кәсіпкерлер жерді мейлінше қысқа мерзімде алатын болады. Оған жинайтын құжаттар да көп емес. Сауда орындарына арналған жер 8 тамыз күні аукцион арқылы бөлінеді.  Қатысуға ынталы азаматтардың өтініші 24 шілде мен 7 тамыз аралығында Қостанай қаласы, Дулатов көшесі, 68  мекенжайында («Тобыл»ӘКК) қабылданады.
            Естеріңізге сала кетсек,  «1000 сауда орны» жобасы Астана қаласында тиімді жүзеге асырылған. Биыл сәуір айында ҚР «Атамекен» ҰКП-ның төралқа төрағасы Тимур Кулибаев аталған жобаны еліміздің өзге өңірлерінде де жүзеге асыруды ұсынған болатын.
 
Н.Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓