Қараша қорытындысы: А.Мұхамбетов үздік үштікте

ҚР әкімдерінің "Медиалық технология орталығы" аналитикалық қызметі мен Toppress.kz ақпарат агенттігі әзірлеген қараша айындағы рейтингі жарияланды. dpWfcL11_1576738505525
Қараша айы көптеген аймақ үшін оқиғаларға толы болды, тиісінше, бұл облыстардың даму динамикасына және әкімдердің қазақстандықтар арасындағы танымалдығына әсер етпей қоймады. Сонымен, қараша сараптамасы бойынша, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов үздік үштікті қорытындылады. Екінші орынға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жайғасса, тізім басынан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көрінді.
Ақпарат агенттігі жазғандай, Архимед Бегежанұлының қызметіне тікелей байланысты көптеген позитивті оқиғалар назарға іліккен. Мәселен, қаладан шығаберісте 500 жұмыс орны қамсыздандырылған жаңа гипермаркет ашылды. Мұнымен қоса, қараша айында 100-ден астам отбасы облыс орталығында жаңа пәтерге ие болды. сондай-ақ, Қостанай ауданының Заречный кентінде медицина қызметкерлері қоныс тойын тойлады. Жедел жәрдем станциясының автопаркінің жаңа реанимобильдермен толыққаны да елеулі жаңалықтар қатарында. 
"Жалпы алғанда, Мұхамбетовтің командасының медицина деңгейін дамыту бағытында атқарған жұмысы үлкен құрметке лайықты. Облыстық медициналық мекемелері толығымен компьютерлендірілген және заманауи құрылғылармен жабдықталған. Өткен айда Федоров ауданында жаңадан заманауи фельдшерлік-акушерлік бекеттің ашылуы, оған вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың іссапар кезінде оң баға беруі – өз алдына бір төбе оқиға, – деп жазады Toppress.kz ақпарат агенттігі. – Айта кету керек, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі және негізгі капиталға құйылған инвестиция ауқымы артқан. Қараша айында Қостанайдың әлеуметтік-экномикалық даму сараптамасының нәтижелері жария етілген еді". 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓