Сыйақы – 500 мың теңге

Қостанай аймақтық қылмыспен күреске жәрдемдесу қорының төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Владимир Головко халықты Дарья Махартоваға қатысты қылмыстық істі ашуға көмектесуге шақырады.
Аталмыш қор қылмыс туралы және оны жасаған адам жайында нақты ақпарат берген жанға 500 мың теңге сыйақы тағайындады. 
Ақпаратты 102, 52-68-08, 52-60-21, 52-60-22, 52-60-54 нөмірлері арқылы бере аласыздар. Анонимділіктің сақталатынына кепілдік бар.
БезымянныйЕстеріңізге сала кетейік, 21 шілде күні сағат 17.34-те Қостанайдан Затоболға баратын жолдың оң жақ жиегінен 19 жастағы Дарья Юрьевна Махартованың зорлықтан болған өлімнің белгілері бар мүрдесі табылған еді.
Аталмыш дерек 21 шілдеден бастап Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 99-бабы 2-тармағы (асқан қатыгездікпен өлтіру) бойынша тіркеуге алынды.
Бұл дерек бойынша ұлты белгісіз, бойы 170-175 см, арықша денелі, 25-35 жас аралығындағы, қара шашты, қараторы жігіт күдікке ілінді. Ол үстіне ақ түсті немесе ақшыл қоңыр жейде, қара шолақ шалбар киген.
Күдікті жайлы ақпарат қолыңызға түссе, дереу Қостанай қаласының ІІБ-на мына нөмірлер арқылы хабарласыңыз: 8(7142)-52-60-54, 8(7142)-52-67-97, 8-778-336-93-33, 8-778-901-88-89 немесе 102.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓