Онлайнның соңы уайым
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін онлайн-несие берумен айналысатын барлық компаниялар мен ломбардтар Ұлттық банкте тіркеуден өтуі тиіс. Егер олар мұны жасамаса, онда Қазақстанда жұмыс істей алмайды. Бірақ, әзірге, Ұлттық банк өкілдері қостанайлықтарға шарттарды мұқият оқып, онлайн-несие алу алдында барлығын мұқият ойлауды кеңес етеді. Басы бәлеге қалған жағдайда оларға қаржылық реттеуші көмектесе алмайды, себебі онлайн-кредиторлар қызметін олар реттей алмайды, деп жазады alau.kz."15 минут ішінде" онлайн-несиелері қазақстандықтарға танымал. Оны алу үшін адамға интернетке кіріп, сұраған батырмаларын басып отырып, қарыз алуға өтінім беру жеткілікті. Ол 15 минут ішінде кепілсіз, комиссиялар мен кезексіз рәсімделеді. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы нарыққа алғаш рет шығып, онлайн-кредиттер беру бойынша компаниялар 2017 жылы 40 млрд теңгеге жуық көлемде кредиттік портфельге ие болған.
"Көптеген компания өздерін микроқаржылық ұйым ретінде таныстырады,бірақ олай емес екені кейін анықталып жатады. Микроқаржылық ұйымдар тізімі Ұлттық банктің сайтында арнайы реестрінде орналастырылған. Егер бұл кәсіпорындар тізімде болмаса, оларды бірден назарға аламыз, яғни оларға микроқаржы ұйымдары туралы Заң және басқа да құқықтық актілер қолданылмайды, — дейді "ҚР Ұлттық Банкі" РММ ҚФ қаржы ұйымдарын бақылау бөлімінің бас маманы Самрат Едіресов.
Ұлттық Банктің Қостанай филиалы облыс тұрғындарын табыстары расталмай-ақ тез берілетін онлайн-несиелерді ресімдеуден сақ болуға шақырады. Өйткені, қазір интернет арқылы осындай мәмілелерді ресімдеумен айналысатын кредиттік компаниялардың қызметін Ұлттық Банк бақылай алмайды, демек, әлдеқандай проблема ушығып жатса, оны шешуге бас банктің қаржылық реттеушісі көмектесе алмайды.
"Кез келген заемдарды ресімдеу кезінде шартты оқып, құжаттамалық тұрғыдан мұқият болу керек. 15 минуттың ішінде арнайы бармай, кезекте тұрмай, оп-оңай алуға болатын "жеңіл" несиенің ақыры жағымсыз зардаптарға ұшыратады", — дейді Самрат Едіресов.
Қазір онлайн-кредиторлар банктерге де, микроқаржылық ұйымдарға да жатпайды, қарыз беру үшін оларға лицензияның қажеті шамалы. Егер екінші деңгейдегі банктер мен микрокредиттік ұйымдардың қызметі елде заңдармен реттелетін болса, ал кредиттік ұйымдар ҚР Азаматтық кодексінің баптары негізінде жұмыс істейді, бұл кодексте олар қандай да бір лицензия алмаса да қарыз беруге құқылы екені көрсетілген.
"Ұлттық банк жарнаманың растығын, кредит беру жөніндегі ақпаратты тексермейді, бұл ұйымдар ағымдағы берешектер, пайыздар туралы мәліметтерді ашуға міндетті емес, ал бұл азаматтардың құқықтарын шектейді. Осылайша, адамдар құқықтарын мұндай ұйымдардан талап ете де алмайды — өз борышының жағдайы, қандай өсімақы, айыппұл санкциялары "қолдарын байлайды", – дейді Самрат Едрисов.
Онлайн-кредиторлардың "еркін" жұмысына қаржылық реттеушінің араласу талабы туындады және 2018 жылдың жазында елдің Азаматтық кодексі бойынша бұлардың азаматтарға ұсынатын жылдық сыйақы мөлшерлемесі мен төлем мерзімін өткізіп алғаны үшін белгілейтін тұрақсыздық айыбының мөлшерін шектеу тәртібі енгізілді. Мұның сыртында, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін онлайн-несие беру компаниялары, ломбардтар және халыққа қарыз беретін басқа да заңды тұлғалар тіркеуден өтуі тиіс. Оған жарты жыл уақыт беріледі. Ұлттық банк іске аспақ бұл жаңалықтың қарыз алушылар мүддесін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.