Әкім қызметінен қуылды

Меңдіқара ауданына қарасты Михайлов селолық округінің әкімі Әділбек Кәкімбеков қызметінен кетті. Бұл ақпаратты аудан әкімдігі растады, – деп хабарлайды alau.kz тілшісі.акимБұған дейін ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкермен бөліске салды деп айыпталған Кәкімбековтің әрекеті тәртіптік кеңесте қаралып, алқа мүшелері оны лауазымынан айыруды ұсыныс еткен болатын. Селолық округ әкімін орнынан тайдыруды алғашқы болып ұсынғандар – Архипов ауылының тұрғындары. Олар мамыр айының орта шенінде шиеленіске айналған жер дауы үшін осылай ымыраласқан. Экс-әкімнің айыбы сол – жайылымдық аумақты жаңа басқарушы иелігіне беріп жіберген. Кейінірек бұл іске антикоррупциялық ведомство араласады. Солайша, олардың жерге қатысты келісім-шарттары жойылды. Дегенмен жемқорлық дерегін анықтау мүмкін болмады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓