Екі ер адам мәйіті табылды
1 маусымда Қостанайдағы Нариман зиратының территориясында екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы "Тенгри ньюс" хабарлайды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растады. Мәйіттер "Березка" қойма кооперативінің маңында табылған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растады. Мәйіттер "Березка" қойма кооперативінің маңында табылған.
"Олар – Қостанайдың 55 жастағы тұрғыны және Денисов ауданының Антонов ауылының 34 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады ведомстводағылар. Сот сараптамасы тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
























