Әскери гранатамен ұсталды
Рудныйда қол сөмкесіне әскери граната салып алып жүрген азамат ұсталды.Полиция қызметкерлері оны кеншілер қаласына жақын жердегі турбаза аумағында қолға түсірген. Тексеру кезінде күдіктінің қол сөмкесінен «РГД-5» әскери гранатасы табылды.
Сөмкесіне граната салып алып достарымен бірге қаланы емін-еркін кезіп жүрген ол, суық қаруды тауып алғанын айтып ақталуда. Оған қару-жарақты заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлімі бойынша айып тағылып отыр.
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.