Тілсіз жау сәбиді жетім қалдырды
Қайғылы оқиға 15 қаңтарда Меңдіқара ауданында болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Отағасы жұмыстан келе жатып, үйінің өртеніп жатқанын көреді. Дереу үйге жүгіріп кіріп, үш жасар шамасындағы қызын тысқа алып шыққан.
"Өзін және жұбайын аман алып қалу мүмкін болмады. Өрттің шығу себебі де белгісіз. Оны анықтау үшін қазір оқиға орнында өртке қарсы зертхананың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Кішкентай қыздың ата-анасының қаза тапқаны қабырғаға батады", – делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.
Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.