Жазасы қайта қаралмақ
Қостанай гарнизонының әскери сотында үстіміздегі жылдың 17 наурызында ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін Қостанай қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұрынғы әскери қызметкері, капитан Д.В.Коровинға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған болатын.
Соттың үкімімен сотталушы аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдану арқылы оның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымды қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 9 554 500 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалған-ды. Үкім заңды күшіне енді. Бірақ, сот орындаушыларынан Коровиннің айыппұлды өтеу туралы жазасын бас бостандығынан айыру жазасы арқылы өтейтіндігін айтып, ұсыныс хат түсірген. Айыпталушы қарыздың тек 250 000 теңгесін өтеген, ал қалған қарыз көлемі 9 254 500 теңге. Сот орындаушыларынан түскен бұл ұсынысты Қостанай гарнизонының әскери соты 25 шілде күні қарайтын болады.
Қарлығаш ОСПАНОВА