Өсім де, өнім де бар

Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылдың қаңтар-маусым араларындағы қорытындысы шығарылды.1760756
Осы аралықта өнеркәсіп өндірісі өнімінің қолданыстағы баға барысындағы көлемі 153 миллиард 992 миллион теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 114,8 пайыз. Қаланың өнеркәсіп өнімінің облыстық көлеміндегі үлесі – 37,5 пайыз.
Қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17 895 миллион теңгені құрап, бұл қаржы толықтай игерілген. Ал атқарылған құрылыс жұмыстарының ақшаға шаққандағы көлемі 3 млрд 382 миллион теңге. Бұл – облыстық көрсеткіштің 9,0 пайызы. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы аумағы өткен жылдың көрсеткішінен 100,6 пайызға өсіп, 17 604 шаршы метрді құрады.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылығы бойынша кәсіпорындар 1 млрд 713 миллион теңгенің өнімін өндірген. Бөлшек сауда айналымының деңгейі 21 миллиард 947 миллион теңгеге жетті. Қаланың облыстық көлеміндегі үлесі – 16,6 пайыз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓