Ілгері басқан іргелі кәсіпорын
Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы кәсіпорнының қызметімен танысу мақсатындағы кеңес өтті. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов және кәсіпорын басшылары мен қала әкімі қатысты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды.
«Өркен» ЖШС темір кенін және оның концентратын өндірумен айналысады. Кәсіпорын жылына 3 360 мың тонна өнім өндіреді. Қызметкерлерінің саны – 687 адам.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Лисаков қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 51,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде тау-кен өндіру саласында 39,3 млрд теңгенің өнімі шығарылды, өңдеу өнеркәсібінің табысы – 10,7 млрд теңге.
Жыл соңына дейін кәсіпорын 866,2 мың тонна темір кені концентратын өндіруді жоспарлап отыр.
Кеңес қорытындысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кәсіпорынды одан әрі дамыту бағытындағы жұмысты күшейтуді, сондай-ақ темір кені концентраты өндірісін арттыруды тапсырды.