«Лидерлік» өнім Астанада

Қостанай облысындағы сүт өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі – Рудныйлық «Лидер-2010» ЖШС тұтыну нарығын кеңейтті.1
Сүт зауыты кеншілер қаласында 14 жылдан бері табысты жұмыс істеп, шығарылатын өнімнің түрлері мен сапасын арттырып келеді. Бүгінде «Лидердің» сүт, айран, қаймақ, йогурт, ірімшік, сүзбе, сүзбе қоспасы сияқты өнімдерін облысты былай қойғанда, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш пен Көкшетаудың дүкендерінен байқауға болады. Биыл бұл тізімге Астана қаласы да қосылды.
Кәсіпорынның барлық сүт өнімдері тек қана табиғи, Федоров ауданы, Лесное ауылында орналасқан фермерлік шаруашылықтың шикізаттарынан дайындалады. Әлемдік стандарттарға сай келетін ЭКО, халал, «ГМО-сыз» сертификаттарына ие. Сондықтан болар, рудныйлық зауыттың «Биоайран» және «Биойогурт» сияқты өнімдері республикалық «Халық таңдауы» байқауында жеңімпаз атанды. Бұл – бәсекеге қабілеттіліктің белгісі екені сөзсіз.2
Қазіргі таңда Астанада кәсіпорынның фирмалық дүкендері ашыла бастады. «Лидерліктер» алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, нарықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓