Ілеспе аудармашылар семинары өтті

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ілеспе аударма мамандарына арналған семинар өтті. Іс-шараны тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. IMG_2689
IMG_2672
IMG_2683
IMG_2700Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде ілеспе аудармашыларға деген мұқтаждық айқын сезілді. Өйткені, шетелдік инвесторларды тарту және халықаралық маңызды форумдарды өткізу кезінде өзара тіл табысу үшін дәл аударма жасау керек. Шетел сөзіне лайықты дәл синоним тауып, тыңдаушыға түсіндіру оңай жұмыс емес. Сол жылдары ілеспе аудармашылардың алғашқы легі пайда болған еді. Бүгінде олар кейінгі толқынға дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісіп жүр. Алдыңғы шепте жүрген мамандардың бірі – Абылай хан атындағы халықаралаық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Дина Есенжан. Білікті маман ілеспе аудармадағы 25 жылдық тәжірибесімен бөлісу үшін Қостанайдағы семинарға шақырту алыпты. Оның дәрісін астықты аймақтың аудармашылары тыңдап, іс-шараның соңында арнайы сертификаттарға ие болды.IMG_2685
IMG_2681
IMG_2700-Ілеспе аударма тәуелсіздік алғаннан бері жұмыс істеп келе жатыр. Алғашында қазақшадан-орысшаға және кері аударма жасау ақсап тұрды. Бұл күрделі сала. Екі тілді білетін кез келген адам ілеспе аудармашы бола алады деген жаңсақ пікір. Оған жаттығу, үйрену, іздену, дағдылану. Осы тұрғыдан алғанда, өңірлерде семинарларды көптеп өткізу керек,-деді Дина Есенжан.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓