«Студенттік көктем» фестивалі басталды

Бүгін Қостанай облысында дәстүрлі «Студенттік көктем-2017» XXIII фестивалі басталды. Іс-шараға өңірдегі сегіз жоғары оқу орнынан дарынды, өнерлі студенттер жиналып отыр.IMG_4534Фестивальдің ресми ашылу салтанаты М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дің ішкі алаңында өтті. Ресми ашылуына жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарманың басшысы Кенеш  Әлімжанов, ҚИнЭУ-дың ректоры Сәбит Есмұратов арнайы қатысып, студенттерді құттықтады.IMG_4442– Қостанай облысында 8 жоғары оқу орны, 18 мыңға жуық студент бар. Бүгінгі маңызды шараға білімді, белсенді студенттер мен курсанттар жиналып отыр. Олар оқу-ғылым, спорт, өнер және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша өзара жарысады. Байқаудың қатысушыларына сәттілік тілеймін. Құрметті жас достар! Студенттік шақтың адам өміріндегі есте қаларлық, алаңсыз кезең екенін естен шығармаңыздар,-деді басқарма басшысы Кенеш  Әлімжанов.IMG_4436Биылғы іс-шараның ҚИнЭУ-де өтуі тегін емес. Қалыптасқан дәстүр бойынша, фестивальдің модераторы бір жыл бұрын жеребе арқылы анықталады. Былтырғы жеребенің қорытындысында таңдау М.Дулатов атындағы университетке түскен болатын.  IMG_4440-Қадірлі студенттер! Сіздер бүгінгі фестиваль аясында жаңа достар тауып, бір-бірлеріңізбен танысасыздар. Достықтарыңыз оқуды бітірген соң да жалғаса берсін. Әрқашан ауызбіршілікте болыңыздар. Сонда ғана еліміздің экономикасы алға қарай дамиды. Біз жастарға сенеміз. Өйткені, елдің болашағы сіздерсіздер,-деді ҚИнЭУ-дың ректоры Сәбит Есмұратов.IMG_4410Маңызды шара үш күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушылар шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі сияқты спорттық жарыстарда бақ сынайды. Өнерлі жастар вокал, хореография байқауларына қатысады. Сырбаз жігіттер мен сылқым қыздар үшін «Ханзада мен Ханшайым» сайысы өтеді. КВН ойындарында үздік әзілкештер командасы анықталатын болады. Фестивальдің бағдарламасында «Мега-мозг» интеллектуалдық ойыны мен дебат турнирі, экшн-ойындары да бар.
IMG_4444
IMG_4416
IMG_4412– Үш күннің қорытындысы шығарылып, жеңіске жеткен оқу орны анықталады. Фестивальдің соңғы күнінде жеребе тасталып дәстүрлі іс-шараның келесі жылғы ұйымдастырушысы анықталады. Бұл фестиваль студенттерді алға қарай ынталандырып, жігерлендіретіні сөзсіз,-деді Қостанай облысындағы балалар мен жасөспірімдер қауымдастығының жетекшісі Татьяна Антонинова.IMG_4420
IMG_4406
IMG_4521Аталмыш шараның ұйымдастырушылары  Қостанай облысындағы балалар мен жасөспірімдер қауымдастығы, Жастар ресурстық орталығы және жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқармасы екенін атап өтейік.
 
Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓