Облыста 11 мектептің атауы өзгерді

ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Қостанай облысындағы кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы қаулысы шықты. Онда 11 білім беру мекемесіне қазақтың ардақты тұлғаларының есімдері берілген.Атап айтқанда, Қостанай қаласындағы №27 мектепке, Жітіқара қаласындағы №3 мектеп-лицейге, Лисаковтағы №3 мектепке және Рудныйдағы №18 мектепке Абайдың есімі берілетін болды. Сондай-ақ, облыс орталығындағы №29 мектеп Әлихан Бөкейханның, Рудныйдағы №19 мектеп Ахмет Байтұрсынұлының және Рудныйдағы №15 мектеп Міржақып Дулатұлының атын иеленді. Мұның сыртында, Амангелді ауданындағы Н.Крупская атындағы орта мектеп белгілі журналист Жұматай Сабыржанұлының есімімен аталатын болды. Арқалықтағы Родина жалпы білім беретін мектебі, Рудныйдағы Қашар жалпы білім беретін мектебінің атауын Әлихан Бөкейханның есімі алмастырды. Қарасу ауданындағы Қарасу орта мектебі бұджан былай "Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп" деп аталады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓