Жазықсыз сотталған

Қостанай қалалық соты моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша шешім шығарды. Азамат Х. істемеген қылмысы үшін 17 ай, 7 тәулік темір торда отырған. ҚР Жоғары соты қаулысымен оған моральдық жәен материалдық шығынын қайтарып алу құқығы берілді. сот
Іс материалдары мәліметінше, 2016 жылы 8 мамырда Әулиекөл АІІБ тергеушісінің хаттамасы бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-тармағына сәйкес жалған қылмыстық құқық бұзушылық тіркеуге алынған. Хаттамада азамат Х.-ның есірткі саудасымен айналысқаны көрсетіліп, ізінше тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған дәйектер сотқа жолданады. Процесс кезінде ол кінәсін мойындамаған. 
Сонда да Қостанай аудандық сотының үкімімен 2016 жылдың 6 қазанынан бастап шағымданушы кінәлі деп танылады. Оның барлық дүние-мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру шешімі шығарылған.
Айыпталушы ҚР бас прокуратурасына оның өз кінәсіздігін дәлелдеу мүмкіндігіне тыйым салған сот актісін қайта қарау туралы қолдаухат жолдайды. ҚР Жоғарғы Соты алқаларының қаулысымен 2018 жылдың 6 наурыз айынан бастап, бірінші және апелляциялық инстанциялар үкімі өзгертілді: шағымданушыға кесілген үкім қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты заңсыз деп танылды. Сондай-ақ, азамат Х.-ға қылмыстық процесті жүргізген органның заңсыз әрекеті салдарынан келген шығынды қайтару құқығы берілді. 
Шағым беруші еш қатысы жоқ қылмысқа заңсыз жауапкер болуы кесірінен 17 ай, 7 тәулік уақытын темір торда, сақшылар бақылауында өткізген. Кінәсіз азамат бұл моральдық залал үшін 2 000 000 теңге талап етті. 
Сот іс материалдарын тергей келе, ҚР Қаржы министрлігі өкілінен шағымданушы пайдасына 1 000 000 теңге өндіріп беру шешімін шығарды. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓